01.10.2025
Бүгін, 1 қазан - Халықаралық қарттар мерекесіне орай мектебімізде мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты үлкенге ізет, қарияға құрмет, еңбек адамына ілтипат көрсету. «Уақыт капсуласы» форматында өткен бұл кеште ақсақал аталар мен ақжаулықты әжелеріміздің ақыл-кеңесі, үлгі-өнегесі, тәлім-тәрбиесі келешек ұрпаққа аманат ретінде сыр-сұхбат арқылы жүргізіліп, өзіне ыстық деген көзмоншағына айналған естелік заттары мен өсиет хаттары капсулаға салынып, аманат қылып мектеп мұрағатына 10 жылға тапсырылды. Шара барысында 2-3 сынып оқушылары ән, шырқап, «Қызғалдақ» тобы биледі. 6 - сынып оқушылары Ералы әжесімен жеті атасын таныстырып, Рамазан әдемі бата берді. 2-сынып оқушысы Айлана жеті атасын таныстырып, 10-11 сынып оқушылары мағыналы көрініс қойды. Барлық ат салысқан мектеп ұжымына, оқушылары мен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Шара мектеп мұғалімі Олжабай Жоламанның «Әке-ана» әнімен аяқталып, мектептің ата - аналары дайындаған ақ дастарханынан қарияларымыз дәм татты. Қарияларымыз қуанса , бізде қуанамыз. Қазыналы қарттарымыз аман, бейбіт-тыныш заман болсын!