"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Целиноград ауданы, Ақмешіт ауылы, Ыбырай Алтынсарин 1

КҮНТІЗБЕ


«    Қараша 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Туыстық қарым-қатынас-баға-жетпес байлық"

04.10.2025

"Даналық мектебі"  клубының "Ата өсиеті" секциясының жұмыс жоспарына сәйкес мектебімізде халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу, жас ұрпақты бауырмалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында «Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық» атты дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында ауылымыздың қадірлі қариясы Бейсенбай ата ақ батасын беріп, қазақы тәрбиенің алтын қазығы – туыстық қарым-қатынас жайында тағылымды әңгіме өрбітті. Ол ата-бабамыздан қалған ұлағатты сөздерді тілге тиек етіп, бауырмалдық пен бірліктің елдігіміздің негізі екенін атап өтті.
Жас ұрпаққа үлгі боларлық сәттердің бірі – 6-сынып оқушысы Амангелді Ералының жеті атасын жатқа айтуы болды. Оның әжесі де жеті атаға қатысты түсінік беріп, әр қазақ баласының өз тегін білуінің маңызын түсіндірді.
Дөңгелек үстел оқушыларға салт-дәстүрдің қадір-қасиетін ұғындырып қана қоймай, отбасы мен ағайын-туыстың арасындағы сыйластықты қастерлеудің қаншалықты маңызды екенін сезіндірді.
Мектебіміздегі бұл тағылымды шара оқушылардың жүрегіне ұлттық рух пен туыстық байланысты ардақтау сезімін ұялата білді

Просмотров: 17


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст