13.09.2021 ж Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай “ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ БОЛАШАҚҚА!» атты таным сабағы өткізілді. Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі Б.А.Балгожина мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.К.Аппасова 5 - 9 сынып оқушыларына Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер берді. «СҰМДЫҚ ЖӘНЕ ҚОРҚЫНЫШТЫ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫСТАР», «НЕВАДА – СЕМЕЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ» атты бейнероликтер көрсетіп, «Невада - Семей» қозғалысының жетекшісі, дара тұлға О. Сүлейменов туралы, оның өмірі мен шығармашылығы, еліне сіңірген еңбектері туралы оқушыларға мағлұмат берді. Сабақ соңында қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулетовтің сөзі мен Төлеген Мұхамеджановтың әніне жазылған Р. Рымбаеваның орындауындағы «Заман - ай» әні тыңдалады. «Заман - ай»- Семей полигонының қасіретіне арналып шығарылған ән екені де оқушыларға таныстырылып өтілді.