Текст
Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін КММ-де 11-қазан - Халықаралық қыздар күніне орай 11.10.2021ж-15.10.2021ж. күндер аралығында жоспарланған "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" атты апталық бойынша "Отбасындағы қыз тәрбиесінің ерекшелігі" тақырыбында көпбалалы ана, ұлы әже Акпарова Бақыт және ардақты ана, үлгілі келін Канапина Гүлнармен оқушы қыздар арасында кездесу өтті. Халқының ізгі салтын сақтай білген қыздарымыз жайлы және әдеміліктің, әдептіліктің, жан - жақты сұлулықтың белгісі осы қыздар екеніне тоқталды. Ата өсиетін берік ұстанған, ана әлдиінен нәр алған, ұлттық үрдісімізді қатаң сақтайтын қазақ аурулары көп болғанын қалайтынын ашық айтып, ақыл - кеңестерін берді.