"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

КҮНТІЗБЕ


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланы зорлықтан қалай қорғауға болады?

25.11.2021

Құрметті, ата-аналар! Баланы зорлықтан қалай қорғауға болады?
Соңғы жылдары елімізде кәмелетке толмаған балаларды зорлау дерегі жиілеп кетті. Мұндай оқиғалар еліміздің әр түкпірінде орын алып жатыр. Сондықтан ата-аналар күн сайын балаларын мұқият болуға тәрбиелеп, әрбір кішкентай нәрсенің өзін ескертіп, көшеде, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда кездесіп қалуы мүмкін қиын жағдайдан қалай шығудың жолдарын да тәппіштеп үйретуі тиіс дейміз.
Мәселен, ересектер тарапынан қандай да бір қауіпті байқаса, баланы әрдайым “жоқ” деп жауап беруге үйрету керек. Баланы қатты айқайлауға да үйретудің еш әбестігі жоқ. Егер біреу оны алып кетуге әрекеттенсе, “бұл менің әкем емес” деп қатты айқайлап өзгелерді көмекке шақырсын. Бала ата-анасына қайда бара жатқанын, қашан оралатынын, жоспары ауысса да әркез хабарлап айтып отыруы қажет.
Сондай-ақ, бала үшін арнайы код сөз немесе пароль ойлап тауып қою керек дейді. Яғни, олар “сені алып кетуге ата-анаң жіберді, менімен бірге жүр” десе, бала бейтаныс адамнан әлгі кодтық сөзді талап ете алады. Осылайша, оның шын мәнінде өз жақыны немесе бөтен ойлы адам екенін анықтай алады.
Оны ешқашан бөтеннің көлігіне отырмауды және танымайтын адаммен ешқашан ешқайда бірге кетпеуді үйретіп қойыңыз. Сосын, көшеде қыдырған кезде де жалғыз емес, үнемі достарымен бірге жүруін қадағалау керек. Балаларға ересектер тарапынан болуы мүмкін қауіпті жағдайлар туралы ескертіп қойыңыз, олар біліп жүруі керек.
Ата-ана баласының проблемалары мен алаңдаушылықтары туралы біліп, оларды тыңдап, қызығушылықтарына мән беріп, оған жақсы кеңестер беруі керек. Тек осылайша ғана баласын қылмыстық жағдайлардан сақтандыра алады.
Соңғы екі жылда балаларды зорлықтан қорғауға байланысты заң жобалары мен түрлі шаралар қабылданды. 2014 жылдың 3 шілдесіндегі жарлық бойынша Қылмыстық кодексте кәмелеткен толмаған балаларға қылмыс көрсеткендерге қандай жаза қолданылатыны нақты жазылған. Балаларға жыныстық қысым көрсеткен адамдар өмір бойына балалармен жұмыс істеу құқығынан айырылады. Бұл тыйым “Білім” және “Еңбек” туралы кодекске де қосылған.
Осыған орай 24.11.2021 жылы " Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ - де ата - аналарына жадынамалар таратылып, онлайн  түрiнде ескертулер, ақыл - кеңестер берілді және 5-9 сынып аралығындағы оқушылармен дәріс өткiзiлдi.
Мектеп психологі А. Р. Балгожина

Просмотров: 415


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст