Текст
14.12.2021ж. күні "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты мерекелік іс-шара болды. Іс-шара барысында мектеп директоры Аппасов Сагындык Бесимбаевич құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар мен қызметкерлерді марапаттады. Оқушылар мен ұстаздардың орындауында ән айтылып, күй шертілді. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын! Тәуелсіздік күні құтты болсын!