Текст
15.12.2021ж., күні "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 1-9-сыныптар арасында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты ашық сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: Елін, жерін сүйетін, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, Тәуелсіздік ұғымын қадірлейтін азамат болуға тәрбиелеу.
Сынып сағаттары барысында оқушылар постер арқылы Тәуелсіздік туралы ойларын ортаға салып, жұмыстарын қорғады. Сонымен қатар, бейнеролик пен презентация көрсетілді, өлең-тақпақтар оқылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын!
Қазақ елі мәңгі жасай берсін!