Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 16.12.2021 ТӘУЕЛСІЗДІК күніне орай мектебімізде түрлі іс – шаралар өткізілуде. Мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиет ұялату, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен бабаларымыздың сақтап келген кең байтақ жерін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу. Осы іс – шаралар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.О.Бакиева мен А.К.Аппасова «Мен – Тәуелсіз мемлекеттің азаматымын» тақырыбында 5 – 9 сынып оқушылары арасында эссе байқауын өткізді. Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін көркем ойлары мен сөз оралымдары арқылы жеткізе білген қатысушылардың бойынан Отанға деген ыстық сезімдерін байқауға болады. Белсене қатысқан 28 оқушыдан 3 оқушы үздік деп танылып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
https://www.instagram.com/akmechet15/tv/CXqjZkfAKmZ/?utm_medium=copy_link