Текст
Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орны бөлек дара екен.
Құрметті әжелер, аналар, арулар! Сіздерді 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Көктемнің шуақты сәті әйел-аналарымыз бен аруларымыздан бастау алады. Әрбір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады деп, -«Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де барлық сыныптың оқушыларымен сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізіп, аналарына арналған құттықтау бейнероликтерін жіберді.