Текст
Қазақтың қонақжайлылығымен танысқан адам дастарқандағы әрбір тағамның ежелден қалыптасқан, көшпенділердің өмір-салтына бейімделуіне септігін тигізгендігін түсінеді. Қазақтың ұлттық тағамдарының кейбіреуі арнайы уақыттарда тартылады, арнайы қонаққа арналғандары да бар. Осыған байланысты қазақтың әрбір ас ішуі үлкен тәрбиеге, сыйластыққа негізделген.
17.03.2022ж., Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде, бастауыш сынып оқушыларымен "Ұлттық тағамдар" күніне орай дастархан жайылып , тағамдар жайлы ақпараттар берілді.