Әдістемелік бағытта аймақтық семинар болып өтті.
Целиноград ауданы «Ақмешіт ауылының №15 орта мектебі»ММ-де 28.02.2019ж. күні «Жаңарған білім беру мазмұны аясында шағын жинақталған мектептегі жаңа әдіс - тәсілдермен білім беру үдерісі» атты аймақтық семинар болып өтті. Семинар мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында әдіс-тәсілдермен бөлісу,тәжірибе алмасу болатын.
Семинарға: Целиноград ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет жетекшісі – Байболатова Майра Қауашевна мен аудан әдіскері – Мусина Айнұр Далабаевна және Талапкер №3 ОМ, Фарфор №10 ОМ, Ы.Алтынсарин ОМ, Максимовка №9 ОМ, Төңкеріс №12 ОМ, Жаңа жайнақ №49 ОМ, Новоишимка №32 ОМ, Родина №33 ОМ,Тасты №14ОМ, Мортық №34 НМ, Семеновка №11НМ, Қосшоқы №13 БМ мекемелерінің басшылары мен пән мұғалімдері қатысты.
Семинар жоспары жүйелі құрылғандықтан қатысушылар толығымен тіркеліп, бағдарлама аясындағы іс шараларға уақытымен қатысуға мүмкіндік алды.
Алғашқы кезекте семинарға қатысушылар үшін мекемемен,ондағы ауыл тарихы жинақталған мұражаймен таныстыру ұйымдастырылды. Таныстырылымды үздік оқушылар Аманжолова Ләйлә мен Шаханова Арайлым гидтік қызмет атқарып, тартымды жүргізіп шықты.
Мектеп психологы Балгожина Айтбала Рустемовнаның ұйымдастыруымен « Танысу», «Сүйіспеншілік сыйлау» тақырыбында семинарға қатысушылар арасында психологиялық тернинг жүргізілді. Бұл қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарын жақсартуға, алдағы жұмысқа үлкен серпіліс берді.
Келесі бағдарлама барысы бойынша жоспарланған ашық сабақтар барысы №7 және №3 кабинеттерде қатар жүргізіліп отырды. Ағылшын пәнінен 9-сыныпта «Music keeps me happy» атты ашық сабақ жүргізілді.Сабақты ағылшын пәнінің маманы, педагог- модератор Бейсенова Гаухар Иргебаевна жаңаша түрде, таза ағылшын тілінде өткізсе, жаратылыстану пәнінен 6-сыныпта « Біз қалай энергия алмасамыз» атты сабақты 1 санатты география пәнінің маманы Куракпаева Гульден Амангельдиновна практикалық жұмыспен байланыстыра, қазіргі өмірмен байланысқан сабақ түрін көрсете білді. Әдебиеттік оқу 3-сыныптағы « Бала Ахмет.Қоғабай Сәрсекеев» атты ашық сабақты бастауыш сыныптың жас маманы Нурахметова Замзагул Еркиновна да оқушыларының дағдыларға икемделгенін, еркін ойын, пікірін жеткізе алатындығын байқатса,орыс тілі мен әдебиеті 7-сыныптағы « Музыка в нашей жизни» «Наклонение глагола. Изъявительное наклонение» атты ашық сабақты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің маманы, 1 санатты педагог-сарапшы Балгожина Батен Алпысовна ұлттық құндылыққа толы сабағын керемет көркем жеткізе білді.
Сабақтардан соң « Ұлы Даланың жеті қыры – ұрпаққа мұра» атты тақырыпта сыныптан тыс іс-шара болып өтіп, ондағы басты мақсат мекемедегі білімдік бағытта өз жетістіктерімен аудан тарапына танылған оқушыларды көрсету болатын.Іс шараны даярлап, ашқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы Аппасова Айнұр Қайратқызы мен Балгожина Айтбала Рустемовна еді.
Семинардың екінші бөлімінде қатысушылармен химия,биология пәнінің мұғалімі, 2 деңгейлі, тілдік B1/B2 сертификатталған маман Тулеулина Гульжан Икласовна « Сабақты жоспарлау үшін...» атты коучинг өткізді. Қатысушылармен үш топта жұмыстар жүргізіліп, кәсіби дағдыларын дамыту барысында түрлі тапсырмалар арқылы пікіралмасу,мақсат қоя білу керектігі жайлы , смарт мақсат жайлы ақпараттар, видеороликтер, постерлер қорғалып, ой бөлісілді. Қатысушылар үштілде сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесін қарастырып, соңында рефлексия кезінде коучингіден алған әсерлерін қалдырды. Өте ыңғайлы, қазіргі нақты қажеттілік етіп жүрген тақырып қарастырылғаны баршаның көңілінен шықты.
Семинар соңында барлық өтілген ашық сабақтар мен іс-шараларға қорытынды жасалды. Мекеменің басшысы Аппасов Сагындык Бесимбаевич семинар қатысушыларына ризашылығын айтты. Целиноград ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет жетекшісі Байболатова Майра Қауашевна мен әдіскер Мусина Айнұр Далабаевна өздерінің семинар жайлы ойларын айтып, семинар барысында ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізген ұстаздарға сертификат табыстады. Семинар өте сәтті өтті.
Ақмешіт ауылының №15 орта мектеп ММ оқу ісінің меңгерушісі Бакиева Айнагүл Олжабаевна