«Жаңарған білім беру мазмұны аясында шағын жинақталған мектептердегі жаңа әдіс тәсілдермен білім беру үдерісі» атты
аймақтық семинарда өткізілетін
психологиялық тренинг
Жауапты: Балгожина А.Р.
Күні:28.02.2019ж.
Түрі: тренинг
Қатысушылар: мұғалімдер
Өткізілетін уақыты: 30мин
1.Танысу
Мақсаты: Мұғалімдердің ынта- ықыласын арттыру, есте сақтау қабілетін ашу, өзара қарым - қатынасын жақсарту, бір -бірімен жақындастыру.
Тренинг шарты: мұғалімдер шеңберге тұрып, 2 мин аралығында
бір бірінен мұғалім сұрасып, көп мәлімет жинауы керек.
а) аты- жөнін, қай мектептенкелгенін білу
в) өмірде ең бірінші алған сыйлығы
с) ең бірінші жалақысы
2. «Сүйіспеншілік сыйлау»
Мақсаты:мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Мұғалімдерді екі топқа бөлу және екі шеңберге тұрғызу( ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер). Бір- біріне тілек айту немесе қарама- қарсы тұрған адамның жақсы қасиетін көріп, мадақтауға болады.