3. Жаңа тақырыпты игеру
Сурет бойынша жұмыс
Суретте екі суы бар стаканды таразыда теңестіріліп тұр. Бір стақанда суық, екіншісінде ыстық су. Біраз уақыттан кейін таразы тепе-теңдігі бұзылады.
Сұрақ:
1) Қандай өзгерісті байқадыңдар?
2) Неге тепе-теңдік бұзылады?
3) Қандай құбылысты бақыладыңдар?
Оқушылар өз жауаптарын айтады, талқылайды және бірін-бірі толықтырады.
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
|
- энергия түрлену үдерісін атай алады;
- энергия түрленуін түсіндіре алады;
- масса азаюын түсіндіре алады.
|
4. Шағын зерттеу жұмысы
Жұппен жұмыс
тапсырма:Екі ыдыстағы будың қасиеттері зерттеу (ашық және жабық ыдыс).
Мәселелік сұрақтар:
- Әр ыдыстағы сұйық булану үдерісі кезінде молекулалар саны қалай өзгереді?
- Қайсы ыдыстағы сұйық тезірек буланады? Неліктен?
- Энергия алмасу үдерісі қалай жүреді?
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- оқушылардың жұптық бағалауы;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
|
- энергия түрлену үдерісін атай алады;
- энергия түрленуін түсіндіре алады;
- ашық және жабық ыдыстағы үдерістерді салыстырып, сипаттай алады.
|
Әр топқа тәжірибе жұмысы беріледі
Энергия тобына 1-тәжірибе
Булану тобына 2-тәжірибе
Жылу тобына 3-тәжірибе
5. Білімді нақтылау
Мысал:
Жазды күні күн ыстық болса да, судан шыққанда салқындық сезіледі? Неге? / Видеоролик /
Үлгі жауап:
Оқушылар булану үдерісін сипаттайды. Денедегі су жылу алу арқылы буланады, ал дене салқындайды.
6. Топпен жұмыс
Мәселелік сұрақ:Сұйық булану кезінде не болады? Булану жылдамдығы неге тәуелді?
1-топқа
Эксперимент. Булану, 38-сурет бойынша жұмыс
2-топқа
Эксперимент. Сұйық күйге айналу, 39-сурет бойынша тапсырма
3 -топқа
Эксперимент. Табаққа ыстық және салқын суды құю. Қайсысы тезірек буланады?
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- оқушылардың топтық бағалауы;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
|
- булану үдерісін сипаттай алады;
- булану үдерісі қандай шамаларға тәуелділігін анықтай алады;
- булану жылдамдығының ортадағы шамаларға (температура, аудан,) тәуелділігін анықтайды.
|
7. Ой қорыту-білімді пысықтау
«Сиқырлы конверт» әдісі бойынша жаңа білімдерін пысықтау.
Топқа сұрақтар жазылған конверттер ұсынылады.
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- өзін-өзі бағалау;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
|
- Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ажыратады;
- Энергияны шығару және алу үдерістеріне күнделікті өмірден мысалдар келтіреді.
|
8. Сабақты қорытындылау
Қорытындылау сұрақтары:
1) Жергілікті тұрғындар желдің бағытын анықтау үшін қолын суға малып жоғары көтереді? Неліктен?
2) Солтүстік тұрғындары қатты аязда бетіне май жағады? Неге?
3) Неге, жердің астына тереңге ыдысқа құйып қойған су көкөністерді үсіктен сақтайды?
4) Қысты күні бәйгеден келген жылқыны неге жабулап қояды?
Оқушылар ойланып сұрақтарға жауап береді. Бірін-бірі толықтырады. Қажет болған жағдайда мұғалім бағыт-бағдар береді.
|