"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

КҮНТІЗБЕ


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлт бірлігі – ұлы байлық

01.05.2019

                              Ұлт бірлігі – ұлы байлық

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі  болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру

   Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге

   тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету  

 Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер.Зал іші мерекеге сай безендірілген. Қолдарында шарлары, жалаушалары бар әсем киінген балалар мерекелік әуенмен кіреді.

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

ІІ жүргізуші:   Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар! 1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты мерекелік іс-шара  өткізіп  отырмыз. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.  

 

І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,

                Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.

                Толқынында тарихтың қуғын көрген,

                Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

                Зобаланда көп шеккен қасіретті,

                Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.

                Риза көңілменен елге деген,

                Арнайды барша халқы ақ тілекті.

ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

 

І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,

                Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

                Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

                Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.

І жүргізуші: Біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Аппасов Сағындық Бесимбайұлы, сізді көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

                    Жүрегемде таныстым мың тіліммен.

                    Жылағанда жүрегем күн тұтылып,

                    Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

                  Қайта тудым өмірге қайта келдім.

                  Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

                  Айта бергім келеді, айта бергім.

ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 28 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 28 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.

І жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік.

      

Ұлттық би

 

ІІ жүргізуші: Мерекелі құттықтау сөз кезегі арнайы шақырылған қонақтар мен ардагер ұстаздарға беріледі.

 

І жүргізуші: Ортақ менен жер шары,

                  Төбемізде бір аспан.

                  Барлық ұлттың баласы,

                  Достығымыз жарасқан.

ІІ жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,

                Ортақ жердің байлығы.

                Еңбек ортақ, жыр ортақ,

                Ортақ бізге барлығы.

І жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, ұйғыр биін тамашалауға шақырамыз.

Ұйғыр биі

 

ІІ жүргізуші: Мы дружной семьюй живём в Казакстане,

                    Татары, уйгуры и русские с нами.

                    Так пусть же крепнет во веки веков

                    Дружба народов всех возрастов

 

 

 

І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

                   Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

                   Елім менің биіктігі шарайнам,

                   Қыран құсы көгінде мың самғаған!

ІІ жүргізуші:

      

9-сынып оқушысы Бейсембаева Жасминаның орындауында  «Туған өлкем» әнін қабыл алыңыздар!

 

І жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам,

                  Адалдық үшін жаралған.

                  Бар қымбат туыстық,

                  Баянды болсын тыныштық!

ІІ жүргізуші: Республикам менің,

                    Республикам менің,

                    Айбатым!

                    Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

                    Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

                    Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

І жүргізуші: Әдеби -монтаж. 4-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз

Карина:    Бірінші май бүгін,                                 

                  Мереке келді деп.

                  Көк аспан айдыны,

                  Ашылды мөлдіреп.

Аяулым: Май келді,май келді,

                   Бүгін мейрам алақай.

                   Көңілді әнді біз,

                   Шырқайық  бәріміз.

Нуралы: Мамырдың бірі, достық күні

 Ән салып, билеген халықтың үні.

 Тұтасып, тойлаған ұлттар,

 Керемет мереке, мамырдың бірі.

Айдидара: Бейбітшілік ұраны,

 Жарқыраған алтын күн.

 Ән қанатты қыраны

 Еркіндігі халқымның.

 

Еркебулан:          Дайын қағаз, қаламым,

                       Бояу таңдап аламын,

                      Ақ көгершін, көк аспан,

                      Суретін мен саламын.

Балжан:    Май келді сән құрып,

                       Жасарып,жаңғырып.

                       Құлпырды, көктеп жер,

                       Мерейлі таң күліп.

 

Олжас: Достықты үлгі санаған,

 Бір үйде біз тұрамыз.

 Қалған ата-бабадан,

 Бірлік асыл мұрамыз.

 

Аяулым:   Көктем келді май келді,

                    Мамыражай ай келді.

                    Тал теректер түрленіп,

                    Жапырағын жайды енді.

Ильяс: Анамыздай елжіреп,

                   Көкте күліп күн тұрар.

                  Жалауымыз желбіреп,

                  Қызғалдақтай құлпырар.

Ернур:         Қуанышты май келді,
                    Алақай-ай, алақай,
                    Шырқа шаттық әндерді,
                    Көшеге шық, балақай.

 

Нұрлыбек: Барлық елдің бөбегі,
                    Бір-бірімен туысқан,
                    Бәрімізге төгеді,
                    Өз шуағым күміс таң.

Ермахан : Жасампаз жыр - әнім,

         Өзіңсің ғажапстан .

          Өсиет, ұраным,

        Отаным –Қазақстан.

Асем:     Біз балдырған тең басқан!

 Дос құшағын кеңге ашқан.

 Тілегіміз әділдік!

 Ашық болсын кең аспан!

Карина: Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз!

Султан: Әрқашан дос біргеміз,

 Ажырамас іргеміз.

 Ілгері жүріңдер,

 Достық жырын біліңдер

 

 

Еркебұлан:Достық – шырағымыз,

 Достық – ұранымыз.

 Достық туымыз,

Достық әніміз.

Айдидара:Бейбітшілік ұраны,

 Жарқыраған алтын күн.

Ән қанатты қыраны

 Еркіндігі халқымның.

Аяулым: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

 Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

Ильяс:    Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

 Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.

ІІ жүргізуші: 3-сынып оқушылары Алтыбай Меруерт пен Олжабай Қымбаттың орындауында «Қазағым» әнін қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Тілегі бір,

                  Жүрегі бір,

                  Достармен біз біргеміз.

                  Туыс барда құрыштан да,

                  Берік біздің іргеміз!

ІІ жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,

                   Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

                   Қайталанып, жаңарып айтылады,

                   Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, 3-сынып оқушысы Көшкембай Сымбаттың орындауында өзбек  биін тамашалауға шақырамыз.

 

І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенгн елміз!

ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүіегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»

І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

ІІ жүргізуші: Хор «Атамекен»

І жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз тәрбие ісінің меңгерушісі Гульжан Икласовна Тулеулинаға беріледі.

ІІ жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

Хор «Әрқашан күн сөнбесін!»

І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!                                                                                                                                                                                                       

І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

Хор «Ақмешітім -қасиетті мекенім»                                                                                  

ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 852


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст