"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

КҮНТІЗБЕ


«    Тамыз 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бейбіт күн жасасын әлемде

10.05.2019

Тақырыбы: Бейбіт күн жасасын әлемде

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

 

Өткізілу барысы:

  1. Фанфары

Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.И.Тулеулина сөз сөйлейді . (арнайы шақырылған қонақтарды таныстыру)

(Ортаға Ту енгізіліп, ҚР-нің Гимні орындалады)

1-Жүргізуші: Армысыздар, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер, оқушылар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күні– бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Олай болса «Бейбіт күн жасасын әлемде»  атты мерекелік іс-шараға қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,

 Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

 Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.

 Қирады талай арман көңілге алған.

Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б. өз жерлестеріміз де бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.

1-Жүргізуші:Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

1 минут үнсіздік, үнтаспадан жай ғана әуен естіледі (минут соғысы)

2-Жүргізуші:Осынау айтулы мерекелерінің қай кезде де орны бөлек. Бұл мерекелер әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық , еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен, сөз кезегін мектеп директоры Аппасов Сагындык Бесимбайұлына береміз.

Келесі сөз кезегі Тасты ауылдық округінің әкімі Аппасов Бесимбай Кинаятұлына беріледі.

 

 

 

1-Жүргізуші:

Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды-дей келе Ұлы отан соғысының ардагерлерінің ұрпақтарына сөз беріледі:

  1.  
  2.  
  3.  
  4.  
  5.  
  6.  
  7.  

 

Үнтаспадан: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

«Священная война» әні

2-Жүргізуші:

Шаттанып ерке күлетін

Бақытты өмір сүретін

Үнсіз тұрған бабалар

Қабыл ал ұландардың құрметін!

Бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы, қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес ерліктің рухын өлтірмей, ерлер есімін санамыздан өшірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келеміз.

Ескерткішке гүл шоқтарын қою сәті (Қобыз)

«Помните» әні орындалады

А.Ә.Д жетекшісі:Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Түзел! Тік тұр! Салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын!

/Гимн ойналып, ҚР –ның Туы шығарылды/.

1-Жүргізуші: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін  батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында1945 жылы  9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 74 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 74 жылдығы.

2-Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін

 3-сынып оқушыларына сөз берейік!

1-оқушы:
Бұлт түнеріп аспаннан
Талмай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған
2-оқушы:

- Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
3-оқушы:
Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар.
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.

4-оқушы:

- Осы соғыста Кеңес Одағының басқа  республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына 1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған.

5-оқушы:

Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді әке боп,
Жеңіс келді ән болып,
Жеңіс келді алақай!
Тоя жейтін нан болып.
6-оқушы:

Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды.
7-оқушы:

Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына
Ерліктің  өжет бір әні
Таңғалтқан батырлығымен,
Тарланбоз Талғат ағамыз.
 

8-оқушы:
28 батырдың батальон, кейіннен дивизия әскери қолбасшысы болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады. 

9-оқушы:
Отанымыздың байтақ жерін қорғады.
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Пәк жүзді баласын қорғады.
Самал өскен даласын қорғады.
10-оқушы:

Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!
1-жүргізуші: - Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ әкесін күте берді, күте берді
Ән: «Соғыстан соңғы хат» орындайтын 8- сынып оқушысы Құрақпаева Лаура

2- жүргізуші:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.

Би: «Катюша» бастауыш сынып оқушыларынан қабыл алыңыздар.
Ән: Мұғалімдер вокалының орындауында
1-жүргізуші: Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

 Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

2-жүргізуші:

Көрдік, сіздерді жайдық құшақ,

Елестетіп жанын қиған құрбандарға.

Қарсы аламыз үлгі тұтып,

Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды!

(Көрініс «Соғыстан қайтқан солдаттар») Бейсембаева Жасмин, 9- сынып оқушылары

  1.  

Бейбітшілік жайлай берсің жер бетін,

Туы мәңгі желбіресің жеңістің,- дей отыра 8-сынып оқушысы Олжабай Еркебұланның орындауында «Қазақтың ұлымын»  атты әнін қабыл алыңыздар!

 

 

 

2-жүргізуші:

Жазайық хат туып –өскен жеріме

Күміс қанат, алтын дәнді жеріме

«Елді қорға, жауға берме» деп жіберген

Хат жібердім Отаныма, еліме.

Жерлесіміз Сейпенов Камалидден атаның елге жазған хатын сол кісінің досы Сулейменов Мұхаммед- Шарапидденнің шөберелері : Олжабай Дидар, Қурақпаева Лаура  орындайды

1-жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

 Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде.

Әскери би: Алдарыңызда жоғарығы  сынып оқушыларлары өнер көрсетеді.

2-Жүргізуші:

Өнерлінің өнерін

Қане байқап көрейік

Жүйрік аттай желейік,

Тағы бір әнге кезек берейік!

Ән: 3- сынып оқушысы Олжабай Қымбаттың орындауында «Шығыстың қос жұлдызы»

1- Жүргізуші:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды-деп 3- сынып оқушысы Алтыбай Меруерттің орындауында «Бейбіт күн тілегі» әнін қабыл алыңыздар

2-Жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

 Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

 Өртенбесін туған ел!

 Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын!

 

 

1-Жүргізуші: Осымен сіздерге арналған «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты іс-шарамыз аяқталды. Қонаққа келген ардақты халқыма рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!

2-Жүргізуші: Сіздердің назарларыңызға «Жеңіс күні» орындалады.
Бәріміз бірге айтайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-оқушы:
Бұлт түнеріп аспаннан
Талмай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған
 

2-оқушы:

- Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
 

3-оқушы:
Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар.
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.
 

4-оқушы:

- Осы соғыста Кеңес Одағының басқа  республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына 1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған.

 

5-оқушы:

Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді әке боп,
Жеңіс келді ән болып,
Жеңіс келді алақай!
Тоя жейтін нан болып.
 

6-оқушы:

Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды.

 

 

 

 

 

 

 

 

7-оқушы:

Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына
Ерліктің  өжет бір әні
Таңғалтқан батырлығымен,
Тарланбоз Талғат ағамыз.
 

8-оқушы:
28 батырдың батальон, кейіннен дивизия әскери қолбасшысы болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады. 

 

9-оқушы:
Отанымыздың байтақ жерін қорғады.
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Пәк жүзді баласын қорғады.
Самал өскен даласын қорғады.
 

10-оқушы:

Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!

 

 

 

 

Просмотров: 1168


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст