"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

КҮНТІЗБЕ


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасы – шағын мемлекет

17.05.2019

«Отбасы – шағын мемлекет»

 

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар!


2-жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы – шағын мемлекет» атты іс-шараға қош келдіңіздер!


1-жүргізуші:  Отбасы - шағын мемлекет. Ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.


2-жүргізуші:  Әке мен ана шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де  тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді.

 

1-жүргізуші: Бүгінгі 15 мамыр «Отбасы сағаты» атты республикалық акциясы бойынша өткізілетін іс-шараға арнап құттықтау сөз мектеп директоры Аппасов Сағындық Бесимбайұлына беріледі.


2-жүргізуші: Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,

Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет депе түсінінем

Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен -  деп жырлағандай ананың қадірі қай кезде де ерекше.

 

1-жүргізуші:  Олай болса Бейсенбаева Жасминаның орындауында «Анашым» әнің қабыл алыңыздар

 

2-жүргізуші:  Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.

 

Мектеп психологі А.Р.Балғожинаға кезек беріледі.

Видеоролик- ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруы


1-жүргізуші:  Қазақ халық тәрбиесінде шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар ерекше орын алған. Халқымызда отбасы, әке, ана және ер бала мен қыз балаға арналған  тәрбиелік  маңызы зор мақал мәтелдер көптеп кездеседі.


2-жүргізуші:  «Әке асқар тау,

Ана – етегіндегі бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ» - деп тегін айтылмаса керек. Ата-анасын, аға сіңілілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тигізетініне күмәнданбаймын.

 

«Қос байтерек» әнің қабыл алыңыздар


1-жүргізуші:  Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей, Отанды сүю отбасынан басталатыны рас. Себебі Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. 


бейнеролик – Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі


2-жүргізуші: Ана сен бақыттысың жыламағын,

Жай түсіп жатса да сен құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын – деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай ана сенің өмірлік тірегің, баға жетпес асыл адамың.


1-жүргізуші:  Иә Дұрыс айтасың. Отбасында ана мен әкенің орны әрқашанда ерекше емес пе.

Әкем біреу, анам да біреу менің,

Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.

Олар барда мереке, көрген емен

Қабақтарын шытқанын, түнергенін.

Келесі кезекте «Ана-әке» әнімен Олжабаева Қымбатты ортаға шақырайық.

(Ән орындалады)

 

2-жүргізуші: Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.

Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

 

Бейнеролик – АБАЙ БОЛ, Терезе!

 

1-жүргізуші: Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

2-жүргізуші: Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.

1-жүргізуші: Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

2-жүргізуші: Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу.

Бейнеролик  көрсету:   «Баланы  интернеттен қорғау»

 

 

1-жүргізуші: Бүгінгі мейрамымызды біз өзіміздің ата-әжелеріміз, ана мен әкелерімізге арнаймыз.

 

2-жүргізуші:  Осымен біздің шағын мерекелік концертіміз өз мәресіне жетті

 

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Отбасы күні мерекесі құтты болсын, зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт тілейміз.


2-жүргізуші:  Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын! Келесі кездескеше сау саламатта болыңыздар!

Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                            «Бекітемін»

                                                                                             Ақмешіт ауылының №15 орта              

                                                                                             мектеп КММ- нің директоры:                    

                                                                                              __________С.Б.Аппасов

                                                                                              «15»      05    2019ж.

 

 

 

 

 

15 мамыр «Отбасы сағаты» атты республикалық акциясы бойынша өткізілген «Отбасы-шағын мемлекет» іс-шараның сценарийі

 

 

Қазақша сценарий: Отбасы күні (Отбасы - өмір аясы) казакша Қазақша сценарий: Отбасы күні (Отбасы - өмір аясы) на казахском языке

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

Просмотров: 591


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст