"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

КҮНТІЗБЕ


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебім менің сүйікті , қоштасар бүгін кез келді!»

29.05.2019

  Ақмешіт ауылының  №15 орта мектеп  КММ-нің

соңғы қоңырауға араналған  іс-шара сценарийі

 

Күні: 25.05.2019ж.

Тақырыбы:«Мектебім менің сүйікті , қоштасар бүгін кез келді!»

Мақсаты:Соңғы қоңырау үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу.Жыл бойы алған білімдерінің, қоғамдық жұмыстарының жетістіктерін білу, білімге деген құштарлығын арттыру.

Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі – түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре беріс жерін доға тәріздес, ал екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу.

Фанфары.

Тәрбие ісіңің меңгерушісі:Тулеулина Гульжан Икласқызының сөзі.

Шақырылған қонақтарды таныстыру

 

Музыка орындалады.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар және қонақтар .Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.
Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)

 - Қарсы алыңыздар,  11 - сынып түлектері  мен сынып жетекшісін - Тастембекова С.У, Аманжолова Ләйлә, Каирбеков Темірлан.

9-сынып оқушылары:

Сынып жетекшісі: Балгожина А.Р

1.Айсенов Диас

2.Асқаров Аңсар

3.Ахметоллаев Азат

4.Бейсембаева Жасмин

5.Қайырбеов Ернұр

6.Махметова Қызылгүл

7.Садваксова Гаухар

8.Шайқсұлтаов Расул

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар!  «Мектебім менің сүйікті , қоштасар бүгін кез келді!»атты салтанатты жиынымызға қошкелдіңіздер!


Алғашқы әскери дайындық мұғалімі: «Жас Ұлан», «Жас қыран  ұйымы», Түзел тік тұр! Егеменді Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы енгізілсін!

(Музыка)

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар және қонақтар!

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.

 

 

 

/ Қазақстан Республикасының Гимні орындалады /

Жүргізуші:Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл – сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз  аман болсын деген тілекпен сөз кезегін мектеп директоры Сағындық Бисембайұлы  Аппасовты шақырамыз.

 

Жүргізуші: Алға ұмтыл, жастарым тек шегінбе,

Білімнің қайнар көзі  мектебінде

Ерінбей жас кезінде көп ізденсең

Өкінбейсін сен тегінде- деп

Келген қонақтарға сөз кезегін береміз.

1.Тасты ауылдық округінің әкімі Б.Қ.Аппасовқа сөз беріледі.

2. Білім бөлімнен келген әдіскердің құтықтауы.
3.20 жыл бұрын бітірген  түлектерді ортаға шақырамыз

 

Жүргізуші:Ұстазбын мен де жасты қолдайтұғын,

Жастарға білім нәрін жолдайтұғын

Мақсатым айтар болсам алға қойған,

Білім берсем жастарға жоймайтұғын- деп

Ендігі сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Бакиева Айнагүл Олжабайқызына беріледі.(Мектепішілік бұйрықпен таныстырады)

 

Жүргізуші:Болашағы елімнің жас қолында,

Адаспасын жастарым өз жолында.

Ұлы Абай айтқандай кірпіш болып

Қалансын керекті өз орнында- дей келе

Марапаттау сәті өткізіледі.Марапаттау рәсімді өткізуге  мектеп директоры Сағындық Бисембайұлы Аппасовты , оқу ісінің меңгерушісі Бакиева Айнагуль Ольжабайқызын ортаға шақырамыз. Мектебіміздің жетістіктері аз емес, мақтанышымыз мол. Бірінші мектебіміздің үздіктерін марапаттау рәсімі.

Екінші  мектебіміздің зейнеткер  ұстаздарды марапаттау рәсімін орындауға  кәсіподақ ұйымының төрайымы Байжұманова Сәуле Даутқызын ортаға шақырайық.

Туды шығару!: «Жас Ұлан», «Жас қыран  ұйымы»,Түзел тік тұр! Егеменді Қазақстан Республикасының мемлекеттік  Туы     шығарылсын.

Жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды

/ 1 сыныптың құттықтаулары /

Айару: Құрметті мектептің түлектері

Барасыздар өмірді гүл еткелі

Әр жылы осы күнді  қимастықпен

Соғады ұстаздардың жүректері.

Ғибрат: Сәт, сапар тілеп бүгін апаларға

Мейірімге толы болып жүректері!

Құттықтау лебізбен келіп тұрмыз

Бірінші сыныптың түлектері.

 

 

 

Аружан: Орындалсын аңсап жүрген арманың

Арайланып атсын атқан таңдарың

Туған елдің көк байрағын көтеріп,

Биіктерден көріне бер, саңлағым!

Санжар: Ардағым деп қуанады ел саған

Тарланым деп табынады жер саған

Болашақтың бар тізгіні сендерде

Сенім артар азаматым болшы аман!

Алдияр: Мерейлі боп күніңіз

Мектепке кеп тұрыңыз

Сағынамыз күн сайын

Кездесейік жыл сайын

 Нұрбек: Еңбекте көп қуаныш

Елде болар талай іс

Кемелденген маман боп

Келіңіздер аман боп.

Ерасыл: Сабақ оқып әр апта

Жазу жазып параққа

Сіздердей білім аламыз

Күнде келіп сабаққа.

Жүргізіші: 1-сынып оқушысылрының орындауында  «Аяулы мектебім» әнін  қабыл алыңыздар.

(Музыка)

Жүргізуші: Ата – ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын-деп
ата – аналар атынан тілек сөз беру.

 Аманжолова Ләйләнің әжесі - Капышева Даметкен апамен Қаирбеков Темірланның атасы Балажанов Алпыс атаға сөз беріледі.

 

Жүргізуші: Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз – ғалым, толастамас мәнгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар түлектердің алғысын
 

/ 11 сынып  оқушыларына, биылғы 2019 жылдың түлектеріне кезек беріледі./
(Баяу музыка ойналып тұрады)

Аманжолова Ләйлә :Бұйыртады тағдыр, шіркін, әр адамға несібесін,

Кеше емес пе ед мектеп─ұя бізге ашқан есігін.

Енді, міне,содан бері зулап жылдар өтіпті,

Мектебіммен қоштасар сәт те жетіпті.

Тәрбиенің, тал бесіктің бұлағы

 Біздің мектеп ─ мейірімнің тұрағы.

Тазалық та, тәрбие де, тәртіп те,

Үшеуі де сақталады мектепте.

Бұл бір шындық мойындайтын кім-кімге рас тым,

Отырмаймыз енді партасына кластың.

Айырбастар кез келді енді оқушылық қаламын ,

Тыңдамаймыз қайтып енді ұстазымның сабағын.                               

Өмір-ана бізге де "сен есейдің, біл" дейді,                                        

 Енді қайтып мектебімде оқушы боп жүрмейді.                              

Аңсаушы едім кеше ғана осы күнге жеткенің,                                             

Енді бүгін сезім басқа, қия алмай тұрмын мектебім                

Кірпігімде мөлдір тамшы іркілді,                                                                    

Сыр бермейді Темірланда қимаса да бұл күнді.                    

Қоңыраудың сыңғыр қаққан үні құлақ жарады

Жез қоңырау біз үшін де соңғы рет ән салады.                    

Артта қалсын мейлі өткен жыл ескі,                                                    

 Сол күндерім қателікті түгесті.                                                   

Маған артқан жалғыз сенім бар болса,                                            

Бағындырам әлі талай белесті.

 Каирбеков Темірлан:

Күні кеше мұның бәрі есімде,                                                        

 Еркелей кеп туған жердің төсінде                                                           

Алғаш рет аштым мектеп есігін                                                

Қазыналы мол білімнің бесігін.                                                            

Оны ойласам, кеуде жайлап кетеді өрт                                           

  Білім-нұрға басқам қадам төтелеп.                                           

 Отырғызды партаң мынау сенің деп,                                      

Алғашқы  ұстаз өзі әкеп жетелеп.                                                        

      Мен осылай білім нәрін теріппін,                                                            

Болмаса ұстаз, оны қайдан көріппін.                                                                  

Сол үйретті сырын білдім өмірде,                                                

 "Әліппедегі" қырық екі әріптің.                                                   

       Достар таптым мен бұл жерде жаңаша                                       

Ойын салдым үзілісте жараса                                                          

Еске түссе көңіл бір сәт толқиды,                                                              

Бала кезгі өмір әр кез тамаша.                                                     

       Мұндай сәтте қиын көз жас төгілмеу,                                         

       Мұндай сәтте қиын екен егілмеу.                                            

 Достар кәне бірге қанат қағалық.                                                               

Қатар ұшсақ болар бәлкім жеңілдеу.

Жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Қимастықпен 11 – дің алтын кілтін
Ізін басар 10-шы  сыныпқа тапсырады,-деп ,білімнің алтын кілтін бітіруші түлегіміз, мектептің Алтын белгіге үміткер оқушымыз Аманжолова Ләйлә   10-сынып оқушысы Шаханова  Арайлымды ортаға шақырайық.(Музыка әуенімен)

Үлгілі тәртіп, үздік оқу ізбасарым аманат!

Желбірейтін биікте  Алтын ұя ту аманат!

Кір келтірмей атына, биікке самғау бізге аманат!

Қош бол алтын ұям деп айтамыз сізге сау саламат!

10-сынып оқушысы- ШахановаАрайлым:

Оқуды терең меңгеріп

Аманатты ақтаймыз

Мектепті жақсы бітіріп

Әдет салтты сақтаймыз -деп уәдемді беремін.(ХОРМЕН  1-10  сынып оқушылары хормен айтады )


Жүргізуші:Мерекеде басты қостық бәріміз

Жарасады әніміз бен сәніміз

Биылғы түлектерді шақырып

Әуенмен тербеле би билесінвальспен

                                          (вальс)

 

 Жүргізіші:Аттандық сапарға көңілде мол арман

Аттандық сапарға тосады жол алдан

Қалайша  сіздерді қиямыз

Біздерді тосады туған ел құшағы,- дей келе көгершін  ұшыру сәтін тамашалайық.

(11-9 сынып оқушылары көгершін ұшырады)

9-11 сынып оқушылары

Ән: «Қош бол, енді мектебім менің»
Жүргізуші: Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11-жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ.
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың

(Қоңырау үні)

Соңғы қоңырау соғу рәсімі: ортаға11-сынып оқушысы

Аманжолова  Ләйлә  мен 1-сынып оқушысы  Аппасова  Айаруды шақырамыз.

Жүргізуші: Құрметті түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт – сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Ұстаздар, жұмыстарыңыз жемісті, шәкірттеріңіз алғыр, ғұмырларыңыз ұзақ болсын. Бүгінгі іс-шарамыздың қонақтары, Сіздерге де еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға бақыт тілейміз!Келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау – саламатта болыңыздар. «Мектебім менің сүйікті , қоштасар бүгін кез келді!»  атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.

 

Просмотров: 718


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст