"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

КҮНТІЗБЕ


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

05.06.2019

Күні: 04.06.2019ж

Тақырыбы«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

мақсаты:Білімділігі: Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақтыдамыту, әр бір бөлшегіндегі ұлттық символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды  ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату;

Дамытушылығы : Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. Оқушыларғатәуелсіздікжайлыжан-жақтытүсінікбереотырып, олардың ой-өрісін, ақыл-ойынарттыру.

 Көрнекілігі:рәміздер суреті, шарлар,гүлдер,

Барысы:Жүргізуші сөзі: Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазақтар мал өсіріп, жеригеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағыеңжауынгерхалықта,

Кімсенеді ту болмадыдегенге ?!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзіақын, өзіәншіхалықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран

 

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)

Слайд көрсетіледі.

1-оқушы: Әрбір азат елдің өзіңнің   тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан  Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан  Республикасының гимні, Қазақстан  Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан  Республикасының туы.

2-оқушы: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын  құрметтеуге  міндетті,»- делінген. Олай болса өз еліміздің мемлекеттік рәміздеріне тоқталып өтейік.

3-оқушы:Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білукерек бала дағыеңкіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздердіжатқабілгенжөнкісі. 
 4-оқушы: Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп- өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек – алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

5-оқушы:Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көкемесолтектен-тек
Елдің ашық қабығы.
Ақниеті – алтын күн,
Асқақарман-қыраны.
Жалауыбұл-халқымның

6-оқушы:Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков – ҚР МемлекеттікТуының авторы, Қазақстанға еңбегісіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың  бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнеручилищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.

7-оқушы:Елтаңбанегізі–Шаңырақ . Ол елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ мемлекеттіңтүпнегізі – отбасының бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері.Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі.Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі.Тұлпар –дала дүлдүлі,ер-азаматтың сәйгүлігі,жеңіске деген жасымас жігердің ,қажымас қайраттың ,мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі.Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр.Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне.Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.Ол -өлмес өмірдің бейнесі.Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып,жұлдызыңыз жарқырай берсін»деген асыл тілекті айқындап тұр.«Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы.Елтаңбаның авторлары- Ж.Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.

8-оқушы:Мәртебесі, мақтаныш.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орыналғанолтөрден.
Қанаттықосарғымақ.
Екіжақтанкөмкеркен.
Тәуелсіздікжолында
Талай-талай тер тамған…
Билігімөзқолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
 9-оқушы:ЖандарбекМәлібекұлы – ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегісіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында  дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобаларжөніндегі бас сәулетшісі, қазірАстанадатұрады.

10-оқушы: : Шот-Аман  Ыдырысұлы Уәлихан –ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегісіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қалақұрылысын жобалау» институтының қызметкері.

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Жүргізуші:

Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,

Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым.

Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,

Аспандат Атам қазақ Аруағын!

Еліміз әрқашанда тыныш болсын!

Еліміздің  Егемендігі жасасын! Қазақстан  Республикасы  Туымен тұғырлы, Елтаңбасы мен елеулі, Әнұранымен айбатты бола берсін ,– деп іс-шарамызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                      «Бекітемін»

Ақмешіт ауылының №15 орта

мектеп КММ-нің директоры:

  С.Б.Аппасов

 

.                                                                      «   »                2019ж.

 

 

 

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

 

Жауаптылар: Тастембекова С.У.

               Кусаинова Д.Т                     

 

 

 

2018-2019жыл

 

Просмотров: 638


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст