Ақмешіт ауылының №15 орта мектеп КММ-де өтетін
«Болашақ жастардікі» атты аттестат тапсыру рәсімінеарналған іс-шара сценарийі
Күні: 12.06.2019ж.
Мақсаты:Жастардың бойында әлеуметтік белсенділікті дамыту және өз отбасын ардақтайтын, елін жерін сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі – түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре беріс жерін доға тәріздес, ал екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу.
Фанфары.
Тәрбие ісіңің меңгерушісі:Тулеулина Гульжан Икласқызының сөзі.
Шақырылған қонақтарды таныстыру
1.Тасты ауылдық округінің әкімі Б.Қ.Аппасов
2. Целиноград ауданыныңауылшаруашылық бөлімінің басшысы Дулатов Нурлан Серикказыевич
3.Ақмешіт ауылыныңжергілікті қауымдастық төрағасы Баймаганбетов Алтыбай Байзоллаұлы
(Бағдарламамен таныстыру)
Музыка орындалады.
Жүргізуші: Армысыздар,құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата – аналар және мектеп бітіруші түлектер!Бүгінгі «Болашақ жастардікі» атты аттестат алу кешіне қош келдіңіздер!
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.
Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
- Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Олай болса, осы вальс әуенімен ұядан ұшар түлектердің қоштасу кешін бастайық!
/Вальс/
11 - сынып түлектері
Аманжолова Ләйлә
Каирбеков Темірлан.
9-сынып оқушылары:
1.Айсенов Диас
2.Асқаров Аңсар
3.Ахметоллаев Азат
4.Бейсембаева Жасмин
5.Қайырбеков Ернұр
6.Махметова Қызылгүл
7.Садвакасова Гаухар
8.Шайқсұлтанов Расул
Ортаға сынып жетекшілерін шақырамыз / Музыка ойналады/
11-сынып жетекшісі Тастенбекова Сауя Уагаповна
9-сынып жетекшісі Балгожина Айтбала Рустемовна.
Алғашқы әскери дайындық мұғалімі : Егеменді Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы енгізілсін!
(Музыка)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар және қонақтар!
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
/ Қазақстан Республикасының Гимні орындалады /
Жүргізуші:Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсындар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып
Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл – сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен алғашқы сөз кезегіне мектебіміздің басшысы Сағындық Бесимбайұлы Аппасовты шақырамыз.
Жүргізуші:
Алға ұмтыл, жастарым тек шегінбе,
Білімнің қайнар көзі мектебінде
Ерінбей жас кезінде көп ізденсең
Өкінбейсін сен тегінде- депқұттықтау сөзді келген қонақтарға береміз.
1.Тасты ауылдық округінің әкімі Бесимбай Қинаятұлы Аппасовқа сөз беріледі.
2. Целиноград ауданыныңауылшаруашылық бөлімінің басшысы Дулатов Нурлан Серикказыевичке сөз кезегі беріледі
3.Жергілікті қауымдастық төрағасы Баймаганбетов Алтыбай Байзоллаұлының құттықтау сөзі
4.Жүргізуші:
Ата – ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын-деп
ата – аналарға құттықтау сөз беріледі.
Жүргізуші:
11 жыл оқып, білімін түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада
Аттестат деген азаматтық куәсі,
Аттестат деген өмірге берген жолдама дей келе
Ортаға оқу ісінің меңгерушісі Бакиева Айнагүл Олжабайқызын шақырамыз.
Жүргізуші:
Шығындар білім шыңына
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда
Оқуда да еңбекте дей келе,
Аттестат тапсыру салтанатты рәсімін орындауға мектебіміздің басшысы Аппасов Сағындық Бесимбайұлын ортаға шақырамыз.
Музыка
(Салтанатты түрде аттестат тапсыру)
Биікке самғау мақсаты
Алғыр, зерек, талапты
Көркем шығарма оқудан
Алдына жан салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы алайық Ләйләні
Мектеп ұжымы 11 жыл білімдіүлкен жетістікпен аяқтаған«Алтын белгі» иесі мектептің мақтанышына айналған Аманжолова Ләйләны мақтан етеді
Қайырбеков Темірланға
Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы, бір сырлы
Намысшыл жігіт Темірлан
Айсенов Диасқа
Өзі сондай ұқыпты
Сыныпта ең көрікті
Қошеметтеп шақырайық
Диас дейтін жігітті
Асқаров Аңсарға
Биязы мінезіменен
Түрлі рөлді сомдайды
Күлімдеген Аңсарды
Барлық досы қолдайды
Ахметоллаев Азатқа
Көпшіл, алғыр, әдепті
Әр пәнді еркін меңгерді
Қошемет көрсет халайық
Азат жігіт келеді
Бейсембаева Жасминге
Мәнерлеп оқу шебері
Ақылына көркі сай
«Жас ұлан» мен « Жас қыран»
балалары болса екен Жасминадай
Қайырбеков Ернұрға
Ер жүректі Ернур бар
Жүйрігіміз ол болар
Компьютердің тілін біліп
Бар жағынан танылған
Махметова Қызылгүлге
Қандайда болсын игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған Қызылгүлді
Жауқазын гүлге тенейміз
Садвакасова Гаухарға
Кез-келген жерді картадан
Мүдіртпей тауып береді
Өлкенің жер-су аттарын
Гаухар жақсы біледі
Шайксұлтанов Расулға
Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Расул сыныптын жүрегі
Туды шығару! Егеменді Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы шығарылсын.
Жүргізуші:
Мектепке келгелі достармен
Өтіпті талай жаз талай қыс
Сондағы сыныптас достармен
Қалайша қалайша тараймыз
Он бір жыл білімге үйреткен
Ұстазға мың алғыс айтамыз дей келе балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған2019 жылғы түлектерді тағы бір қошеметтеп қояйық!
Жүргізуші: Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз – ғалым, толастамас мәнгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар түлектердің алғысын
/ 11 сынып оқушыларына, биылғы 2019 жылдың түлектеріне кезек беріледі./
(Баяу музыка ойналып тұрады)
Аманжолова Ләйлә :Бұйыртады тағдыр, шіркін, әр адамға несібесін,
Кеше емес пе ед мектеп─ұя бізге ашқан есігін.
Енді, міне,содан бері зулап жылдар өтіпті,
Мектебіммен қоштасар сәт те жетіпті.
Тәрбиенің, тал бесіктің бұлағы
Біздің мектеп ─ мейірімнің тұрағы.
Тазалық та, тәрбие де, тәртіп те,
Үшеуі де сақталады мектепте.
Бұл бір шындық мойындайтын кім-кімге рас тым,
Отырмаймыз енді партасына кластың.
Айырбастар кез келді енді оқушылық қаламын ,
Тыңдамаймыз қайтып енді ұстазымның сабағын.
Өмір-ана бізге де "сен есейдің, біл" дейді,
Енді қайтып мектебімде оқушы боп жүрмейді.
Аңсаушы едім кеше ғана осы күнге жеткенің,
Енді бүгін сезім басқа, қия алмай тұрмын мектебім
Кірпігімде мөлдір тамшы іркілді,
Сыр бермейді Темірланда қимаса да бұл күнді.
Қоңыраудың сыңғыр қаққан үні құлақ жарады
Жез қоңырау біз үшін де соңғы рет ән салады.
Артта қалсын мейлі өткен жыл ескі,
Сол күндерім қателікті түгесті.
Маған артқан жалғыз сенім бар болса,
Бағындырам әлі талай белесті.
Каирбеков Темірлан:Күні кеше мұның бәрі есімде,
Еркелей кеп туған жердің төсінде
Алғаш рет аштым мектеп есігін
Қазыналы мол білімнің бесігін.
Оны ойласам, кеуде жайлап кетеді өрт
Білім-нұрға басқам қадам төтелеп.
Отырғызды партаң мынау сенің деп,
Алғашқы ұстаз өзі әкеп жетелеп.
Мен осылай білім нәрін теріппін,
Болмаса ұстаз, оны қайдан көріппін.
Сол үйретті сырын білдім өмірде,
"Әліппедегі" қырық екі әріптің.
Достар таптым мен бұл жерде жаңаша
Ойын салдым үзілісте жараса
Еске түссе көңіл бір сәт толқиды,
Бала кезгі өмір әр кез тамаша.
Мұндай сәтте қиын көз жас төгілмеу,
Мұндай сәтте қиын екен егілмеу.
Достар кәне бірге қанат қағалық.
Қатар ұшсақ болар бәлкім жеңілдеу.
9-11 сынып оқушылары
Ән: «Қош бол, енді мектебім менің»
Жүргізуші: Құрметті түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт – сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
Ұстаздар, жұмыстарыңыз жемісті, шәкірттеріңіз алғыр, ғұмырларыңыз ұзақ болсын. Бүгінгі іс-шарамыздың қонақтары, Сіздерге де еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға бақыт тілейміз!Келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау – саламатта болыңыздар. Аттестат тапсыру рәсімі «Болашақ жастардікі» атты салтанатты кешіміз аяқталды.