Текст
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай - ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.
01.06.2022 ж. күні «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- де 1 – маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара және мектеп жанындағы «Балдәурен» сауықтандыру алаңының ашылу салтанаты өткізілді. Іс - шараның соңында балаларға арналып тəтті дастархан жайылды.
Бүлдіршіндер мен сәбилерге бақытты балалық шақ, сыңғырлаған күлкі тілеп, демеушілік жасаған ТОО"Базальт-2030" директоры Мнеян Арут Самвеловичке және ауылымыздың аға-апаларымызға үлкен алғысымызды білдіреміз!