05.09.2019ж. мектепте «Ана тілің- арың бұл» атты Тілдер мерекесінің ашылуы өтті. Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі, Б.А. Балгожина іс-шараның жоспарымен таныстырып өтті. Ашылу барысында оқушылар үш тілде тақпақтар айтып, ән шырқады.. «Қыздар» тобының «Қазақ биі» өтте тамаша болды. Атаулы іс-шараға гуманитарлық пәндер бірлестігінің мүшелері және 5-11- сыныптар оқушылары ат салысты.
10.09.2019ж. «Біржан сал –өңір мақтаншы» атты сыныптан тыс іс- шара өтілді. Іс-шараға 36 бала қатысты. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, Біржан сал Қожағұлұлының: «Біржан сал», «Жамбас сипар», «Жайма-шуақ», «Жонып алды», «Айтбай», «Ләйлім шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Жанбота», «Алтын балдақ», «Телқоңыр», «Көкек», «Адасқақ», «Бурылтай», «Ақсеркеш», «Ақтентек», «Талай заман», «Теміртас», «Ләйлім» деген ән-өлеңдерін тыңдады. Оқушылар Біржан сал Қожағұл өмірінен мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті.
09.09. 2019ж. «Абай-дана, Абай -дара» атты іс-шара өтті. Іс-шараға 5-11-сыныптар арасындағы 32 оқушы қатысты. Іс-шара барысында Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушылар белсенді қатысып, шығарма жазды. Сонымен қатар, шығармашылығы туралымағлұмат дайындап, Абай Құнанбаевқа өз хатарын жолдады.
10.09.2019ж. 5-11-сыныптар арасында Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы таным сабағы өтті. Іс-шара барысында бейнероик көрсетілді, өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсыновтың өз дауысымен айтылған өлең хаты тыңдалды.
11.09.2019 ж. «Беймбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы» атты сыныптан тыс іс-шара өтілді. Іс-шараға 5-11-сыныптар аралығындағы 33 оқушы қатысты. Оқушылар Бейімбет Майлинның өмірі мен шығармашылығы туралы көп мәлімет алды, бейнеролик көріп, оз ойларымен бөлісті.
12.09. 2019ж. Сәкен Сейфуллин 125 жылдығына орай «Сәкен Сейфуллинның өмірі мен шығармашылығы» атты танымдық іс-шара өтті.
Мақсаты: Сәкен Сейфуллинның шығармашылығымен таныстыру, қазақ әдебиетіне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін арттыру. Атаулы іс-шараға 5-11-сыныптар арасындағы 34 оқушы қатысты. Жауапты Б.А. Балгожина
Іс-шара барысында оқушыларға бейнеролик көрсетілді. Балалар Сәкен Сейфуллин туралы мағлұмат дайындап әкелді және жаңа мәліметтермен таныстырылды. Суреттер мен есебі мектеп сайтында жарияланды.
13.09.2019ж. І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасында «Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы» іс-шаралар өткізді.
Іс-шара барысында ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы көп мәлімет айтылды. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.Өткізілген сабақтар жайында мектептің сайтында жарияланды. Іс-шараға 1-4-сыныптар арасындағы 28 оқушы қатысты. Жауаптылар: С.Д. Байжуманова, Г.Б. Кумекбаева, З.Е. Нурахметова, Г.М. Нугманова.
16.09.2019ж. Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Іс-шараға жауапты Б.А. Балгожина және бастауыш сынып мұғалімдері.
Мақсаты: Ф.Оңғарсынованың өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,мәнерлеп оқуды дамыту. Оқуларға 5-11-сыныптар арасындағы 20 оқушы қатысты.
17.09.2019ж. қазақ әліпбиін латын қаріпіне көшіру бойынша танымдық дәрістер циклы өтілуде. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.О. Бакиева мен 11-сынып оқушылары жалпықазақстандық диктантқа қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
Целиноград ауданы Ақмешіт ауылының №15 орта мектебінің КММ бойынша жалпы қазақстандық ашық диктантты өткізу қорытындысы жөніндегі ақпарат
10.09.2019ж.
№ |
Қатысушылардың сапалық құрамы |
Қатысушылар саны |
олардың ішінде: |
||
Өте жақсы |
Жақсы |
Қанағат. |
|||
1 |
Оқушылар |
3 |
1 |
2 |
0 |
2 |
Қазақ тілі Мұғалімдері |
1 |
1 |
0 |
0 |
3 |
БАРЛЫҒЫ: |
4 |
2 |
2 |
0
|
18.09.2019ж. «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты көрмені мектеп кітапханашысы А.Ш. Бакиева ұйымдастырды. Көрме барысында туған тіл маңыздылығы , тілге деген құрмет туралы әңгіме қозғалды.Оқушылар тіл ,сөз мәселесі туралы жазған авторлармен танысты. Сонымен қатар,көрмеде қазақтын жанашыр ақын-жазушылардың шығармалары ұсынылды.
19.09.2019ж. күні «Менің тілім-менің мақтанышым» атты шығарма байқауы өтті. Шығарманы оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілде жазды. Шығармаға жауапты тіл мамандары. Оқушылар шығарма барысында өз тілдеріне деген махаббатарын көрсете білді.
20 қыркүйек күні тілдер апталығы аясында «МОЙ LANGUAGE – ҚАЗАҚ ТІЛІ» атты үш тілде викторина сайысы өтті. Викторина төрт айналымнан тұрды.
Бірінші айналым – АҚШ пен Ұлыбританияға байланысты мерекелері мен елтану сияқты сұрақтар болды.
Екінші айналым – берілген әріптерден сөздер құрастыру.
Үшінші айналым – айтылған ойды жалғастырып айту.
Төртінші айналым – тақпақта айтылған сөздердің аудармасын тауып айту.
Жалпы айтқанда викторинаға 5 – 11 сыныптар аралығында оқушылар 35 оқушы қатысты.Бірінші топ – «Болашақ». Екінші топ – «Қазақстан». Үшінші топ – «Қырандар».
Олар өзара тартысып, сұрақтардың барлығына жарыса жауап берді. Сонда да араларынан суырылып шыққан «Болашақ» тобы болды. Олар жалпы есепте 18 бал жинап, бірінші орынға ие болды. Қалған топтар бірдей балдармен бір деңгейде жауап берді.
20.09.2019 ж. «Латын графикасына көшу- рухани жаңғырудың басты бағыты» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараға 5-11-сыныптар арасындағы 33 оқушы қатысты. Жауапты: С.У. Тастембекова. Іс-шарада оқушыларға латын графикасына көшудің тиімділігі туралы көп ақпарат берілді және де балалар алынған мәліметтер бойынша өз пікірлерін білдірді, ойларын ортаға салды.