3 қазан 2019ж. күні Ақмешіт ауылының №15 орта мектеп КММ-де Республикалық экологиялық іс-шараға байланысты әр буын бойынша сынып сағаттары өткізілді.1-4 сыныптар аралығында «Экология және біз» , 5-7 сыныптар «Мухиттар қауіпті жағдайда» , 8-11 сыныптарда «Егер жер алма болса» атты тақырып бойынша түрлі ақпараттық,шығармашылық бағытқа құрылған сынып сағаттары өткізілді.Қатысқан оқушылар саны :71. Осы сынып сағаттарына арнайы шақырылған қонақтар: Тасты ауылыдық округінің әкімі Аппасов Б.Қ, ақсақалдар алқасынан Сулейменов Б.Ш. және басқа да қонақтар қатысты. Барлық сыныптар бойынша сабақ 40 минуттан өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Қоршаған ортаның ластануы туралы,сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде біз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету.Оқушылардың сабаққа деген қызғушылығын, белсенділігін арттыру, ой-өрісін дамытуға бейімдеу.Табиғатты қорғай алатын ,адамгершілігі мол, ізгі мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.
Ата -аналар тазалық сақтауды балаларының бойына неғұрлым ерте сіңірсе, соғұрлым іс алға басып, бүгінгідей күрделі жағдайлардың алдын алуға септігі тиеді. Келген қонақтарымызбен мектеп оқушылары мектеп жанындағы учаскелерге бірігіп жасыл желектер отырғызды.