Текст
"Ақмешіт жалпы орта білім беретін мектебі "КММ - де кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауда 7-10- сынып оқушыларына жалпы құқықтық білім беру үшін Жергілікті полиция қызметінен полиция майоры Шарипов Нұрлан Қанатұлы дәріс - сабақ жүргізді. Берілген тезистер бойынша Заңнаманың негізгі өзгерістеріне тоқталып, әлеуметтік мәселелердің біразы- нашақорлық, синтетикалық есірткі заттары, темекі т.б. жағымсыз қызығушылықтардан аулақ болуға шақырды. Қылмыстың құрбаны болмас үшін абай болып, сақтану шараларын айтып өтті. Өмір біреу-ақ қана, оның басты қазына екенін ұмытпауымызды сұрады.