"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

КҮНТІЗБЕ


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл – жарқын болашақтың кепілі»

14.09.2022

«Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне орай 5-9 қыркүйек аралығында «Тіл – жарқын болашақтың кепілі» атты апталық өткізілді. Тілдер апталығының жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

5 -қыркүйек күні апталықтың салтаннатты ашылуы Әнұранмен басталды. Жиында сөз алған мектеп басшысы Аппасов С.Б. тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Іс-шараны 7-сынып оқушысы Ольжабай Қымбат әсем әнмен жалғастырды.

Тілдер мерекесімен қоса аталып өтілетін атаулы мереке – Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, қазаө тілі пәнінің мұғалімі Аппасова А.К. «Тарихи тұлға– Ахмет Байтұрсынұлы»  атты кезекті іс- шара өткізді. Оқушыларға Ұлт ұстазы жайында бейнефильмдер көрсетілді. Өткен мен бүгінгіні ұштастыра отырып, өмірінен деректер келтіріп, шығармашылығы арқылы оқушылардың бойына асыл қасиеттерді сіңіре алатындығымыз сөзсіз.

Мектебіміздің кітапханасында «Алаштың ардақтысы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – Ұлы ұстаздың өмірлік жолының әр кезеңіндегі басты оқиға, деректермен таныстыру болды. Оқушылар көптеген тың ақпараттармен танысып, ағартушымыздың қиын кезеңдерді басынан өткергендігін аңғарды.

8 -қыркүйек күні, «Тіл – жарқын болашақтың кепілі» атты апталық аясында, тарих пәні мұғалімі Тастембекова С.У. 8, 10 сыныптар арасында «Үш тілде білім беру қажеттілігі» атты дөңгелек үстелін ұйымдастырды. «Үштілділік» мемлекет бағдарламасы – болашаққа бастар жол» тақырыбында презентация көрсетіп, үштілділікті насихаттады. Бағдарлама аясында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Үштілділіктің тиімді және тиімсіз жақтарын қарастырды. Барлық ойларды түйіндей келе, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын жан – жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру үшін «Үштілділік» мемлекет бағдарламасының аса қажет екендігі айтылды.

            Бастауыш сыныптар арасында жаңылтпаш айтудан «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» атты жарысы, «Қазақ тілім – байлығым!» атты суреттер байқауы өтті. Шығармашылыққа жақын бастауыш оқушылары бар өнерлерін салып, тамсанатын өнер туындыларын қағаз бетіне салды, жаңылтпаштарды жарыса айтты.

6,7,10- сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнінен «Умники и Умницы» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Тоғызыншы сынып оқушылары әділқазылар ретінде қатысты. Сайыста орыс тілі мен әдебиеті пәнінің бөлімдері мен тақырыптардан тапсырмалар құрылды, оқушылар оларға  белсенді  жауап берді. Оқушылар үш командаға бөлінді. Ойын өте қызық болып өтті. Нәтижесінде: «Умники» командасы бірінші, «Лидеры»-екінші, ал «Знатоки» командасы үшінші орындарға ие болды.

Апталық аясында, 4-5 сыныптарда ағылшын тілі пәнінен “Quiz please” атты сабақтан тыс интеллектуалдық сайыс өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірнеше сайыстардан өтті. Тапсырмалар өткен тақырыптарды еске алуға, сөйлеу дағдысын дамытуға, сыни ойлауға арналып құрастырылды. Жарысты сүйетін балалар сабаққа белсене қатысып, бар білімдерін көрсетіп, ой-пікірлерін ортаға салды.

Апталықтың жабылу салтанатында оқушыларға А.Байтұрсынов туралы апта бойындағы жинаған мәліметтер жайлы сұрақтар, бейнесұрақтар қойылды. Іс-шараға қатысқан сыныптар  сыйлықтарға ие болып, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст