"Сапалы білім: Білімді ұлт" ұлттық жобасы аясында "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ-нің мектеп психологы Балгожина Айтбала Рустемовна 26.09-30.09.2022ж. аралығында «BILIM FOUNDATION» қоғамдық қорының шақыртуы және ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында "Денсаулық және өмірлік дағдылар" бағдаламасы бойынша тренингтік курс өткізіп келді. Курс тыңдаушылары қалалық мектеп психологтары және колледж психологтары болды.А. Рустемовнаның шеберлігі мен біліктілігінің арқасында көптеген психологтар өз қоржындарына әдістеме жинағаны белгілі. Жалпы тренингтік курс 8-11сыныптың және 1курс талапкерлеріне арналған еді. Курс өте жақсы деңгейде өткенін, алғаш курсқа келген тыңдаушылардың кіріс-чек парақтарын толтырып, біткеннен соң шығыс-чек парақтарын толтырғаннан байқауға болады. 100%көрсеткіш көрсеткен нәтиже соның дәлелі. Бұл өз ісіне мығым, нағыз жан- жақты біліммен, тәжірибемен қаруланған білікті маманның қорытынды нәтижесін көрсетеді.Курс соңында Балгожина Айтбала Рустемовна «BILIM FOUNDATION" қоғамдық қорының алғыс хатымен марапатталды.Міне,бұл жұмыс қарапайым шағын жинақталған мектептен де білікті, шебер мамандар шыға алатының дәлелі болды. Біз де ұстаз еңбегіне алғысымызды айта отырып, болашақта шығармашылық табыстар тілейміз!