Текст
Ақмешіт ауылының ЖОББМ КММ-де 05.10.2022ж.күні бастауыш сынып мұғалімдері С.Д.Байжұманова мен Қ.Ж.Махметованың ұйымдастыруларымен 3,4 сынып оқушыларымен
кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған ұшқыш, жауынгер Талғат Бигелдиновтың ерлік істері туралы әңгімелей отырып, өмір жолын, ерлігін таныту мақсатында тың деректерге толы сынып сағаты өткізілді.Сынып сағаты барысында оқушылар ерлік жайлы мақал-мәтелдер , тақпақтар айтып, ой бөлісті.Оқушылардың жүрегінде ерлігімен Отанын қорғаған батыр, халық қаһарманы мәңгі қалады.