Текст
Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймыз,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!
Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де Республика күніне орай "Мәртебесі асқақ - Мәңгілік Ел!" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мектеп басшысы С. Б. Аппасов құттықтау сөз сөйлеп, мектеп оқушыларынан әдеби - монтаж, әсем ән айтылып, "Кеңес " күйі орындалып және биші қыздардың мың бұралған билерімен жалғасты.