"Қуандырып біздерді,
Мереке келді күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін ел енді", – дей келе, жыл сайын тойлап өтетін үлкен және мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелерінің бірі. Күзде жеміс-жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын кезең."Күз – береке, сән – салтанат мереке" айы, жиын – терім аяқталған кезде еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі деп мекетепалды даярлық сыныбында қазанның 27-ші жұлдызында «Берекелі күз-2022» атты ертеңгілік өтті.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер жарыса тақпақтарын паш етіп, ән салып, би биледі. Арасында ойындар ойнап барынша көрермендердің көңілінен шыға білді.Ата-аналарда қарап қалмады.Олар да өз тараптарынан жеміс –жидектерден мүсіндер жасап әкелді.
Іс-шара соңында оқу ісінің меңгерішісі Айнагуль Олжабайқызы ризашылығын білдіріп, әр оқушыға марапат қағазын табыстады.
Мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі Гульден Жалбырбайқызы ұйымдастырған шараға келгендер керемет әсермен тарқады.