Жаңа жыл - әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. “Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де 6-10 сынып аралығында “Төрлет, Жаңа жыл!” атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында ертегі кейіпкері Күлше қызға жаңа жылдық балға баруына көрермендер мен қатысушылардың көмегімен түрлі ойындар ойнатылып, оқушылар әсем ән тербеп, мың бұралған би билеп, шығармашылық өнерлерін көрсетіп КТК (КВН) көріністерін қойып, көрермендердің көңілін көтерді. Жаңа 2023 жылда баршаңызға армандаған армандарыңыз орындалып, Жаңа жыл сәтті, қуаныш пен бақытқа толы, жемісті жыл болсын дейміз! Алдағы жыл сізді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулермен қуантсын!