Ақмешіт ауылының №15 орта мектеп КММ-де бүгін, яғни 13 желтоқсанда өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарасымызды қалыптастыруда оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты мерекелік іс-шарамыз өткізілді. Егемендік - ел бақыты, ертеңі деп, алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Аппасов Сағындық Бесимбайұлына беріліп, арнайы шақырылған қонақтарымыз Тасты ауылдық округінің әкімі-Бесимбай Қинаятұлы Аппасов,жергілікті қауымдастық төрағасы- Алтыбай Байзоллаұлы Баймағанбетов, зейнеткер ұстаздарымыздан- Кулбаршын Тастенқызы Ахмедина келіп, өздерінің ақ лебіздерін білдірді. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке екенін ескеріп, жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өткенін, Тәуелсіздік жолында жандарын қиған ұл-қыздарды ұмытпай құрбан болғандарды еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Мектебіміздің ұстаздары «Қарабауыр қасқалдақ» әнін вокалмен орындағанда, көрермендер өткен тарихымызға көз жүгірткендей болды.Тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстаған Қазақстан 28 жыл ішінде өте көптеген жетістіктерге жеткенін оқушылар әдеби-монтажбен ашып, Тәуелсіздіктің орнағаннан бергі шежіресін таныстырып өтті. Концерттік бағдарламаның шымылдырығын 2- сынып оқушысы Олжабай Ғибрат «Мен қазақпын» әнімен ашса,«Тәуелсіздік –ел бақыты» атты шығармасымен 6-сынып оқушысы Тулеулина Аружан оқып,қуантты. 4-сынып оқушылары-Алтыбай Меруерттің орындауында «Атамекен» , Ольжабай Қымбаттың орындауында «Ұлт Көсемі» әндері шырқалып,көреремендерді қуанышқа бөледі.Бұдан соң «Айжұлдыз» бишілер тобының орындауында «Қамажай » биі тамашаланды.
Қазақ елінің көк туы құламай, әрдайым көгімізде желбірей берсін деген тілекпен 10 сынып оқушысыОлжабай Еркебұланның орындауында « Көк тудың желбірегені» әні жаңғырып, баршаның жүректерін тебірентті.Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.И.Тулеулина жиналған қауымды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, азат елдің білікті, білімді, жігерлі азаматтары болып өсуін тілей отыра,іс-шара зейнеткер ұстазымыз Жұмабике Шарапиденқызы Сулейменованың сөзіне жазылған, «Ақмешітім- алтын бағым» атты әніменаяқталды.
Мекемеде өткен бұл іс-шара әр келген қонақтарға да ұстаздар мен оқушыларға да елге,Отанға деген құрмет ұшқынын қалдырды. Рухы биік елдің болашағы да ғұмырлы болмағын тарих тағы да дәлелдеп отыр.