«Дүниедегі ең мықты кинозал – ми. Мұны сен жақсы кітап оқығанда түсінесің» деген екен британдық кинорежиссер Скотт Ридли. Шынымен, кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі. Тұрақты кітап оқу адамның өміріне жақсы жағынан үлкен өзгерістер алып келеді. Оқушылардың есте сақтау және сөздік қорларын кеңейту мақсатында, мектебіміздің 5-сынып оқушылары қысқы демалыс кезінде «Қыста оқимыз» атты іс-шараға қатысты. Оқушылар қысқы демалыстарында Мадина Омарованың «Көмбе нанның дәмі» және Оралхан Бөкеевтің «Қар қызы» атты туындыларын оқып, мазмұндап, бір-бірімен алған әсерлері туралы бөлісті. Кейіпкерлердің орнына өздерін қойып, әңгімелерді басқаша аяқтауға тырысты.
Ал сіз, соңғы рет қандай кітапты оқыдыңыз? 2023 жылы оқитын кітаптар тізімін кұрдыңыз ба?