"Жаһандану дәуіріндегі жаңа білім" атты жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығы “Жұлдыздар жарқырайды” атты тақырыбымен қамтылып, өз мәресіне жетті. 03.02.2023 ж күні оқушыларға барлық сынып бойынша химия, биология, математика, информатика, физика, жаратылыстану пәндерінен сұрақтар ерекше қойылды. Оқушыларды топқа бөліп, оларға арнайы QR-кодпен берілген қағаздар таратылып, әр топ белсенді қатысып, өткен тақырыптар бойынша барлық пәнді еске түсіріп, қамтып шықты. Осы апта барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне дамытуға, ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыруға, өз Отанының табиғатын қорғай білуге және қазіргі таңдағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс жасауға үлкен зор үлес қосып, мақсатымызға жеттік деген үміттеміз.