Текст
"Бабалар ізімен:II мыңжылдықтың ұлы тұлғалары" атты айлық аясында "Ұстаздық-ұлыдан" атты бастауыш сыныптар бірлестігі апталығында 03.02.2023 ж. күні мектепалды даярлық сыныбында сауат ашу негіздері пәнінен "Біз не үйрендік,не білдік?" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың барысы амандасудан басталып, көңіл-күй орнату мақсатында "жүректен жүрекке" әдісімен жалғасты.
А.Байтұрсынұлының "Аққу, Шортан, Һәм Шаян" ертегісінен алынған сергіту сәті де қалыс қалмады.
Сабақтың мақсаты:сөзді буынға бөлу, берілген сөзге сөйлем құрай алуға, сөздерге дыбыстық талдау жасай білу дағдыларын жетілдіру еді.Сабақты жүргізген Шаханбаева Гүлден Жалбырбаевнаға
қатысушы мұғалімдер сабақтың нәтижелі өткеніне оң пікірлерін білдірді.