"Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі "КММ-де "Бабалар ізімен: II мыңжылдықтың ұлы тұлғалары", атты әдістемелік айлық аясында " Жаһандану дәуіріндегі жаңа білім" атты жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығында 5- сыныпта 9.02.2023 күні математика пәнінен "Ондық бөлшектерді көбейту" атты мектепішілік ашық сабақ өтті.Пән мұғалімі Ахмедина А.Г. QR- код әдісімен топқа бөліп,одан соң оқушылардың шығармашылығымен тапсырмаларды (А,В,С деңгейлеріне қарай) алмасып орындауға қолданды.Ұжымдық жұмыс кезінде PISA есептері шығарылды. "Алты қалпақ" пен "Мики Маустың сұрақтары" атты интерактивтік ойындар арқылы оқушылар жұптық және топтық тапсырмаларды орындады.Сергіту сәтінде де "Мозайка" интербелсенді ойын арқылы ІІ мыңжылдықтың атақты тұлғаларымен танысты.Рефлексия арқылы балалар өткен сабақ жайлы өз пікірлері мен ойларын жазып, керібайланыс жасады.Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.