2023 жылдың ақпан айының 13-і күні «Бабалар ізімен: ІІ мыңжылдықтың ұлы тұлғалары» атты айлық аясында «Ұстаздық-ұлыдан» атты бастауыш сыныптар арасындағы апталықты бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Куракпаева Гульден Амангелдиновна апталық жоспармен таныстырып, алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет беріп өтті.
Сонымен қатар, бастауыш мұғалімдері Байжуманова Сауле Даутовна мен Махметова Қызылгүл Жанатбекқызы «Білгіш" пен "Дымбілмес» кейіпкерлерінің рөлін сомдап, апталықтың ашылуын жандандыра түсті.
Мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі Шаханбаева Гульден Жалбырбаевна
«Алғашқы ұстаз - алғашқы дана бабам», "Ұлы дала қоңырауы — Ыбырай" атты
тақырыптарында алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсарин жайлы бейнежазба көрсетіп, «Кім жылдам?» деп жаңылтпашты жатқа айтқызып, бастауыш сынып оқушылар арасында «сұрақ-жауап» әдісін пайдаланып, оқушылардың осынша ақпараттардан қандай ой түйгендерін анықтады.
Ыбырай Алтынсариннің «Бір уыс мақта» ертегісін интербелсенді тақтадан тамашалап, ағартушының әр әңгімесі мен ертегілерінің соңында мақалмен аяқталатынын және күнделікті өмірден мысал келтіріп жазғандығын оқушы бойына сіңіре білді.