Текст
09.02.2023 жылы «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен қазағымыздың біртуар ақынының туған күні қарсаңында «Асқар шыңдар желпиді бесігімді...» атты мектепішілік МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ байқауы өткізілді. Жыр додасы екі номинация, яғни «Көркем сөз» және «Эстрадалық вокал», бойынша өтті. Оқушылар белсене қатысып, қатысушыларымыз мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында қыран құстай самғай берсін!