Текст
«Оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесі» атты апталықтың аясында мектепалды даярлық сыныбымен «Табиғатты аялайық!» тақырыбында ашық сынып сағаты 21.02.2023 ж. күні өткізілді.
Сынып жетекшісі Гульден Жалбырбаевна оқушыларға сабақты ашу мақсатында табиғат жайлы бейнежазба көрсетіп, оқушылармен сұрақ-жауап арқылы сабақ тақырыбын ашты. Табиғат, қоршаған орта, оны аялау керектігі жайлы түсіндіре отырып, тақырыпқа сай суреттерден пазылдар құрғатып, суреттер боятты.
«Мен қай мезгілде тудым?» ойыны арқылы оқушылармен керібайланыс жүргізілді.
Балғын балалармен өткізілген сабаққа қатысқан мұғалімдер оң нәтижелі өткеніне өз пікірлерін білдірді.