Текст
23.02.2023 ж. 7-сыныпта "Отбасым-алтын діңгегім" атты тақырыпта ашық сынып сағаты өткізілді. Жауапты болған сынып жетекшісі А.Г. Ахмедина сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, қызығушылықтарын оятуда көптеген тапсырмалар берді. Сабақ бірнеше кезеңге бөлінді: "Суретті болжау ", "Тығырықтан шығу", "Әңгімелесу" т.б. Сынып сағатқа қатысқан мұғалімдер де топтық жұмыста отбасылық тәрбие жайлы керемет дүниелер айтты. Оқушылар белсенділіктерін танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Тәрбие сағаты өте қызықты өтті, мақсатына жетті.