Текст
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі- деп бастаған сынып жетекшісі Гульден Жалбырбаевна мектепалды даярлық сыныбының оқушыларына жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар және «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтуға дәріптеді.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтау керек.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніп, адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар- деп әр оқушыны мейірімділікке баулыды.