Ауылымыздың құрметті азаматы, Ауған соғыс ардагері, батырлықпен ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз - Құрақбаев Сұңғат Жамбылұлымен "Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!" атты тақырыпта мектебімізде кездесу өткізілді. Оқушылардың әдеби- монтажы, патриоттық әні тыңдалды. Соғыстың куәгері, ардагер жерлесіміз өзінің тарих беттерін парақтап, жүріп өткен қиын жолына тоқталды, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу "Ерлік" әскери- спорттық сайысына ұласып, белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Сонымен қатар ардагер Сұңғат Жамбылұлы 10 - сынып оқушылары Аманов Насыр мен Олжабай Дидарға ҚР Қорғаныс Министрлігінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктерін табыстады.
Айқастар аяқталса да, тарихта мәңгі қалады. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттілігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсысымыздың қасиетті борышымыз.