Текст
06.03.2023 ж күні 6 және 8-сыныпта 8-наурыз "Халықаралық әйелдер" күніне орай "Гүл - мереке, күн - мереке" атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға көктем туралы, 8-наурыз туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру, ана жайлы ұлағатты сөздер, өлеңдер оқу, ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру, ананы сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ардақты әжелер, аяулы аналар, сұлу қыздар, сіздерді 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Бақыт пен жақсылық, байлық пен сәттілік, көктемгі көңіл-күй мен шат күлкі тілейміз! Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!
Сынып жетекшісі: Осипова А.К.