Текст
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8-наурыз Аналар мерекесі келді. Осынау көркем мерекеге орай 6-наурыз күні "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 1-сынып оқушыларымен "Аяулы аурулар!" атты тақырыпта ашық сынып сағаты өткізілді. Жауапты болған сынып жетекшісі Г. А. Куракпаева сынып сағатын қызықты сұрақ-жауаптан бастап, балалардың аналарына деген ыстық сезімдері, үлкен алғыстары мен құрметінін ешқашан сөнбейтінін айтты. Оқушылар әжелеріне, аналарына құттықтау ашық хат жасады, ана туралы тақпақтарын оқып , ән айтты.