Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Әр халықтың қалыптасқан ұлттық өз ерекшеліктері бар. Сонымен қатар қазақтарда да көптеген ұлттық ойындар бар, олардың бірі арқан тарту, асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ және ләңгі ойындары. Осы ойындар арасында Ақмешіт жалпы орта білім беретін мектебінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына қарсы “Ұлттық ойындар мерекесі” атты сайыс өтті. Мектептің әр сыныбы белсенділік көрсетіп, ат салысты. «Жүзден- жүйрік, мыңнан- тұлпар» демекші әр ортаның өз мықтылары шығып жүлделі орындарды иеленді.
Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған біздер, осы дәстүрді ұстанып ұрпақтан ұрпаққа жеткіземіз.