Су айдындарының жанында жүріс-тұрыс , жол ережелері, авто және теміржол көлігі маңында сақтық шараларын сақтау бойынша нұсқамамен таныстыру үшін мектепалды даярлық сыныбымен және 1-10- сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді. Ата-аналарымен де түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Көктемгі су таситын мезгіл жақындап келеді. Сол себептен, өзендерде мұздың беті күннің қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастайды. Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген мезетте мұз жарылып, су ішінде қалуыңыз әбден мүмкін. Балалар қауіпсіздік ережесіне мән бере қоймай жағалаудан сырғанап немесе мұз үстінде сырғанақ теуіп ойнайды. Бұл жағдайлардан кейін өкінішке ұласуы әбден мүмкін екендігіне аса мән берулерін оқушылар мен ата-аналарға тапсырылды.
Сонымен қатар жол қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникалық ережелерді сақтап жүру туралы, абай болу керек екенін ескертіп, жауапты болған сынып жетекшілер мен сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Шаханбаева Гульден Жалбырбайқызы айтып өтті.