Табиғаттың оянуына, құстардың салған әнiне, көктемнiң күн шуағына қуанбайтын адам жоқ шығар. Бiрақ, су тасқыны кезеңiнде және мұздың осалдығы кезiнде өзiн-өзi ұстау ережесiн сақтамайтындарға көктем қуанышты жағдай әкелмейдi.
Су тасқыны және сең жүру кезiнде жарылайын деп тұрған жағалауда болу қауiптi, себебi судың тез ағуы оны шайып өтiп бұзады. Мiне, сондықтан көктемде әсiресе өзеннiң мұзы еруi және сең жүрген кезде балаларды қадағалауды мейлiнше күшейткен жөн, олармен түсiндiру жұмыстарын өткiзу қажет.
Көктемдегi су тасқыны және сең жүру кезiнде тыйым салынады:
•Көктем кезiнде су айдынына шығуға;
•Сең жүрген кезде өзен арқылы өтуге;
•Мұзы жарылған өзенге жақындауға;
•тасқын су және опырылатын жағалауда тұруға;
•көпiрлерде, бөгеттерде және бөгеулерге шығуға;
•опырылған мұзға жақындауға;
•сеңдердi жағалаудан итеруге;
•өзеннiң немесе басқа су қоймасының тереңдiгiн өлшеуге;
•сең үстiнен жүруге және онымен сырғанауға. "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 2023 жылдың көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында мектепішілік жоспар құрылды. Мектеп маңы мен шатырдың мұздықтары мен қарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға "Көктемгі су тасқынынан абай бол!" атты сыныптан тыс жұмыстар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. "Есіл" өзенінің жақын болуына байланысты ескерту тақтасы орнатылды. "Мұз ерігенде, өзен мен көлдер тасыған кезде су айдындарында ереже тәртібін сақтайық" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтіп, жадынамалар таратылды.