Текст
28.04.2023ж. күні «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 1 – Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шарада әр сынып түрлі ұлт киімдерін киіп, мәдениетімен таныстырды. Жыр шумақтарын оқып, әндерін де орындады. Өзге ұлт өкілдерінің елімізде береке мен бірлікте өмір сүріп жатқандығы – біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын! Ынтымағымыз арта берсін!