Текст
9 мамыр - Жеңіс күніне орай мектебімізде 1-7 сынып аралығында “Ұранды елдің - ұрпағы қайсар!” атты ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағының мақсаты оқушылардың туған еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру болды. Өткізілген «Ерлік сабағының» басты міндеті - Отанымызды қорғаған және болашақ ұрпаққа өз өмірлері үшін еркіндік берген ата-бабаларымыздың ерлігі көрінісін ұрпақтардың жадында сақтау қажеттілігі. Жастарға жігер, қайрат беретін осындай шаралар еліміздің болашағы үшін ауадай қажет.