2023 жылдың 18-мамыры күні Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық "ЖҚИ-2023" Жас қозғалыс инспекторларының ақтық сайысы өтті. Сайысқа қатысқан Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің оқушылары, яғни Амангельдинова Балжан, Аманжол Ернұр, Даутовна Карина, Джамбул Нуралы, Жамбыл Еркебұлан, Қапбас Аяулым, Куракпаева Айдидара, Муратов Ильяс, Теміржан Ермахан, Төлеген Нұрлыбек "Бас жүлдеге" ие болып, облыстық сайысқа жолдама алды. Осы сайысқа даярлаған жетекшілері алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Капышев Ерлан Аманжолұлы мен тәлімгер Олжабаев Жоламан Ардақұлын, тәрбие ісінің орынбасары Тулеулина Гүлжан Икласовнаны нәтижелі жетістіктерімен құттықтаймыз!
Шәкірттерімізге алдағы облыстық сайысқа сәттілік тілейміз!