Әлемде ең керемет дүние баланың қуанышы.Бүгін, 1-ші маусым - Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Біз бақытты баламыз!" деген атпен аталып өтті. Сонымен қатар, "Балдәурен" сауықтандыру лагерінің ашылу салтанаты болды.
Мерекеге барлығы әсемделіп, безендірілген мектеп ауласында көңілді әуенмен барлық жиналған бал-бөбектер мен оқушылар, ата-аналар жиналды. Бүгінгі бағдарлама өте қызықты, әсерлі болды. Ән мен би, қызықты ойындар, көңілді ертегі кейіпкерлері бәрі керемет қойылым көрсетіп, балалардың көңілдерінен шықты.
Іс-шараның соңы "Тәтті дастарханға" ұласып, барлық келгендер тәттілерден дәм татты. Мереке барша балалардың көңілінен шықты. Демеушілік көрсеткен жандарға алғысымыз шексіз!