Міне,тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.
"Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты салтанатты іс-шара болып өтті.Мерекені мектеп басшысы Аппасов Сағындық Бесимбаевич құттықтау сөзбен ашып, Целиноград аудандық ББ-нен арнайы келген әдіскер Бижанова Бекзат Асқарқызы өз лебізін білдірді. Ардагер ұстаздар: Сулейменова Ж.Ш; Жұмажанова Ш.А; Аппасова Р.С; Аппасов Б.К.; Тастенбекова С.У., ата-аналар, мектеп бітіргендеріне 30 жыл болған (1993жылы бітіргендер) және 10 жыл болған түлектер (2013жылы бітіргендер) де өз тілектерін айтты.
Биыл 1-сыныпты бітірген оқушылар жас түлектерге арнап өз өлеңдерін оқып, сыйлықтарын табыс етті. Мектеп бітірушілері жүрек-жарды әсерлі тілектері мен ән-билердің, соңғы қоштасу вальсін орындап, дәстүрлі көгершін ұшыру рәсімін өткізді. Соңғы қоңырауды соғу рәсімі жас түлек Тулеулина Аружан мен 1-сынып оқушысы Маратов Дулатқа табысталды. Соғылған соңғы қоңырау үнімен салтанатты жиын да өз деңгейінде аяқталды.